Жаңалықтар 13.08.2021 сағат 23:08

Нұрислам Санаев 75 мың доллар сыйақыны мұқтаж жандарға тарататынын мәлімдеді

"Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім", - дейді ол.
Нұрислам Санаев 75 мың доллар сыйақыны мұқтаж жандарға тарататынын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілетін қомақты сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты.

«Құрметті достар!

Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл Президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі…

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын.

Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», – деп жазды instagram парақшасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар