$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда жедел жәрдем келгенше 12 жастағы бала көшеде қайтыс болды

Жедел жәрдемді 40 минуттай күтсе де, ешқандай ем-дом көрсетпеген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтауда 12 жастағы бала жедел жәрдем көлігі келгенше, көшеде қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, көшеде ес-түссіз жатқан баланы кездейсоқ әйел тауып алып, жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жәрдемді 40 минуттай күтсе де, ешқандай ем-дом көрсетпей, ата-анасының келгенін күткен. Алайда Маңғыстау облысы Жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Шыршықбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Бригадаға шақырту түскеннен кейін сол орынға тоғыз минутта жетті. Баланы бірден тексерді. Алайда баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалды. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Біздегі ереже сондай. Бірақ, өкінішке қарай, бұдан нәтиже болмады. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып, хабарлаған, — деді Айралбек Шыршықбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары