$ 448.15  483.46  4.86

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жел күшейіп жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 14 тамызда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашын болмайды, тек шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындар өтетіндіктен найзағай ойнап, жауын жаууы ықтмал. Еліміздің оңтүстік-шығысының кей жерлерінде нөсер аңбыр жауады, кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл соғады, жел күшейеді. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы