$ 494.87  520.65  4.91

Алматыға Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған.
Фото ©REUTERS
Фото ©REUTERS

Қытайдың Vero Cell вакцинасы Алматы емханаларына жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 тамызда Sinopharm вакцинасының 10 мың дозасы (бірінші компонент) алынған. Осы аптада қосымша 35 мың доза күтіледі.

"Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді, қосымша ақпаратты телемедицина орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады: 3000 505, 1312. Осы аптада Алматыдағы барлық емханада Vero Cell вакцинасы қолжетімді болады", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Айта кетейік, 10 тамызда Sinopharm-ның Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілгені хабарланған болатын. Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған.

Қытайлық Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл 7 мамырында мақұлдаған. Шілдеде ол COVAX вакцина банкіне кірді. Вакцина инактивті, екі доза. Жарамдылық мерзімі - 24 ай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина