$ 494.87  520.65  4.91

«Күн жылы болады»: Синоптиктер үш күнге болжам жасады

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады.

Қазгидромет мамандары 17-19 тамыз аралығындағы ауа райына болжам жасады. Соған сәйкес, республика бойынша күн қайта жылиды деп жазады Sputnik.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел болады деген болжам жасалды.

Алдағы үш тәулікте күн жылы болады. Солтүстікте күндіз +25...+32°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25...+37°C, орталық пен шығыста +20...+31°C жылы болады.

Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +32...+43°C көрсетеді.

Мегаполистегі ауа райы
Алматыда 17-19 тамызда күн ашық болады. 17 тамызда ауа температурасы түнде +13°C, күндіз 22°C көрсетеді. Ал 18 тамызда +17...+25°C жылы болады. 19 тамызда +19...+27°C жылыны көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамызда күн алабұлтты, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +15°C, күндіз +27°C жылы болады. 18 тамызда өтпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +16°C, күндіз +26°C болады. 19 тамызда күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +16°C, күндіз +24°C жылы болады.

Шымкентте 17-19 тамыз аралығында күн ашық, түнде ауа температурасы +19°C болады. Күндіз +31...+35°C көрсетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Синоптиктер