$ 494.87  520.65  4.91

Александр Винокуров «Астанадағы» қызметіне оралады

Бұған дейін 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кететіні хабарланған болатын.

Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Astana - Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.

"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратындарын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін қолына аладыжәне велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын өзіне алады", - делінген ресми хабарламада.

Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт жетекшісі қызметінен кететіні хабарланған болатын. Кейін Александр Винокуровтың өзі "Тур де Франс" қарсаңында қызметінен шеттетілгеніне таңғалғанын айтып, пікір білдірді.

Астана - Premier Tech ("Астана") - велоспорттан қазақстандық кәсіби команда, 2007 жылы құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары