$ 494.87  520.65  4.91

«Каспий теңізіне төніп тұрған экологиялық апаттан құтыла алмаймыз» - экологтар

Экологтар мен белсенділер Каспий теңізіне төніп тұрған қауіптен құтылу мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Каспий теңізінің түбінде елу алты шақырымдық екі каналдың құрылысы бойынша жұмыстар басталып кетті. Он мыңдаған қазақстандықтар қол қойған петиция NCOC мұнай өндіруші компаниясының қызметкерлерін тоқтата алмады.

Белсенділер ел президентінен кем дегенде тәуелсіз сараптама жүргізілгенге дейін канал құрылысына уақытша мораторий енгізуді сұрады. 

“NCOC халықтың тереңдету жұмыстарын жүргізбеу туралы өтінішті елемеді. Бұл тереңдету жұмыстары экожүйе қауіпсіздігі тұрғысынан дұрыс па деген сұрақ туындады. Бұл бізге табиғатты қалпына келтіруге, ауа мен су ресурстарын тазартуға және балық қорын көбейтуге мүмкіндік береді”, – дейді ГОБОС қысымдық құқықтық бастау орталығының бас директоры Галина Чернова. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспий теңізінің су деңгейі төмендеп барады

Ал қоғам белсенділері теңіз өмірі де, су астындағы өсімдіктер де жойылатынын айтады. Олардың сөзінше, жүйелік шу мен химиялық өзгерістер балықтарға өте қатты әсер етпек. 

“Қазіргі таңда Атырауда қиын жағдай туындап отыр. Атырау қаласының тұрғыны ретінде мен соңғы уақытта балық мүлдем жоқ екенін айтқым келеді. Көктемде еттің орнын балық басатын. Ал қазір балықтың бағасы өте қымбат. Қызыл балық пен бекіре жоқ”, – дейді қоғам белсендісі Гүлжан Елешова. 

Каналдарды келесі жылдың соңына дейін салу жоспарланып отыр. Осы уақыт ішінде Каспий теңізінің түбінен 18,5 миллион текше метрден астам топырақ шығарылады. Бұл судың сапасының нашарлауына және теңіздің одан әрі тайыздануына әкеледі дейді мамандар. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтау маңындағы ауыл тұрғындары жағажайдағы қоқыстан ұялып, өздері жинауға көшті

“Әлемдік ғалымдардың болжамы бойынша Каспий теңізі тартыла береді. Енді біз арналарды қазып, кемелерді олардың бойымен жүргіземіз. Ал су теңіз деңгейінен 9-дан 8 метрге дейін төмендейді. Қайталап айтамын, олар каналдарды қазған кезде ең арзан жолын таңдайда. Бұл экологиялық тұрғыдан өте зиян”, – дейді қоғам белсендісі Махамбет Хәкімов. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспий теңізі экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін

Экологтар Каспий теңізі Арал тағдырын қайталайды деп сендіреді. Сондықтан экологтар мен әлеуметтік белсенділер Каспийдің солтүстік-шығысындағы акваторияға тереңдетуге мораторий енгізуді талап етеді.

Бірақ әзірге NCOC экологтардың талаптарын елемей, зерттеу жүргізген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары