16.08.2021, 17:40

«Тұрсынбектің қылшығы да қисаймайды» - сарапшы

Фото: ашық дереккөз
Белгілі заңгер Абзал Құспанның Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты мәлімдемесінен кейін қоғамда үлкен қарсылық туындап жатыр.

Белгілі заңгер Абзал Құспанның Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты мәлімдемесінен кейін қоғамда үлкен қарсылық туындап жатыр. Кейбір сарапшылар заңмен кінәлілерді қуалау қажеттігін алға тартуда. Мысалы, қоғам белсендісі, танымал заңгер Айгүл Орынбек Тұрсынбекті он жылға қамау керектігін айтты.

Алайда, Қабатовтың қандай заңнан болса да сытылып кететінін, қамауға алынбақ тұрмақ, айыппұл да салынбауы мүмкін екенін жазып жатқандар бар. Солардың бірі қоғамдық белсенді - Сәбит Рыспаев, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Қазақстанда кез келген істі ақшаң болса шешесің. Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына грантқа кіріп ұсталып қалғандар да оп оңай құтылып кетеді. Егер оның орнына сіз бен біз сияқты сіңір болғанда біздің қызымызды да, басқасын да заң аясында жазалар еді. Тамадасың. Бір тойға шықсаң 15 000 доллар аласың. Бірақ сүйте тұра басқа біреудің грантын заңсыз жолмен сатып алғаны өте ұят екен. Әрі документтерді қолдан жасағаны. 

Мұндай жағдайда дені дұрыс елдерде білім басшысы, соны жасаған органның басшысы қызметтен кетіп, Тұрсынбектің өзін экраннан қуар еді. Бірақ бізде бәрін ақша шешеді. Осыдан көресіңдер Турсынбектің мұртын балта шаппайды. Қызына да ештеңе болмайды. Айдаладағы біреулерді жазалайды. Демек бұл біз үшін қалыпты нәрсе. ҰБТ биыл нешеден болды екен? Алтын белгі нешеден болып жатыр? Біреудің грантын қалай сатып алмақ болдың Тұрсынбек? Бұларды заңды түрде жазалап, экраннан құрту керек»,- дейді ол.