Жамбыл облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Фольксваген-Пассат» бетон бағанасына соғылып, бір жолаушының басы жұлынып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Адам шошырлық қайғылы жағдай Байзақ ауданының орталығында болған.
Полицейлер таратқан мәліметке сүйенсек, 27 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, екпінмен келіп жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Қатты соққыдан солондағы екі жолаушы зардап шекті.
«Жас шамасы 12-13-тегі жасөспірімдердің бірінің басы денесінен бөлініп қалған. Ал екіншісі ауруханаға түсті. Сорақысы сол, көлік жүргізушісі апат болған жерден қашып кеткен», - делінген ақпаратта.
Алайда жүргізуші көп ұзамай қолға түсті.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.