Талибан ұйымы (Қазақстанда және бірнеше елдерде тыйым салынған террористік топ) қашан құрылды? Олар кімдер және қайдан шықты? Бұл сауалдарға Qamshy порталы жауап іздеді.
Талибан қалай құрылды?
Талибан (араб тілінен аударғанда студент) ұйымы 1994 жылы Ауғанстанның оңтүстігінде құрылған. Бастапқыда ұйымға 50-ге жуық медресе шәкірті мүше болған. Оларға Қандаһар қаласынан шыққан Молла Омар Ахунд жетекшілік еткен. Молла Омар Пәкістан мен Фруиденд қаласындағы медреседе біраз уақыт оқыған.
Тәліптер ұйымдарын исламға негізделген, шариғат заңдарын басшылыққа алатын ұйым ретінде сипаттайды.
Талибан құрылғаннан бірнеше ай өткен соң ұйым мүшелерінің саны 20 мыңға жетті. Ұйым жақтастарының басым бөлігі медресе мен шариғат мектебінің оқушыларынан тұрды.
Сарапшылар Пәкістанның барлау агенттігін (ISI) Талибан ұйымының құрылғаннан бергі ең үлкен қолдаушысы мен бағыттаушысы деп таниды.
Талибан басқыншылығы
Талибан құрылғаннан кейін көп ұзамай Ауғанстанның екінші үлкен қаласы Қандаһарға шабуыл жасады. 1994 жылы 3 қарашада тәліптер ұйымы Пәкістанмен шекарадағы қаланы ешқандай қарсылыққа тап болмай бақылауға алды. Бұл – Кабулдағы ауған үкіметіне алғашқы соққы еді.
1995 жылы Талибан елдің 12 қаласын бақылауға алды. Ұйым бастапқыда сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес жүргізген. Бұл оларға танымалдылық әкеле бастады. Олар жаулап алған қалалардағы заңсыздық жойылып, қауіпсіздік орнатыла бастады.
Тәліптер пуштундар (ұйым өкілдерінің этномсы) тығыз қоныстанған елдің оңтүстігіндегі қалаларды қарсылықсыз басып алып, 1995 жылы Кабулға жақындай түсті. Астананы бақылауға алу үшін Кабулды 3 жерден бомбалады. Алайда Ахмет Шах Масуд бастаған Талибан күштері үлкен жеңіліске ұшырады.
Талибан 1996 жылдың қыркүйегінде Пәкістан мен парсы шығанағының кейбір елдерінен қаржылай және қару-жарақ түрінде көмек алып, Кабулға шабуыл жасауға дайындық жүргізді. Алайда қанды көше соғысына түскісі келмеген Ахмет Шах Месут 1996 жылы 26 қыркүйекте Кабулдан әскерін шегіндірді.
1996 жылғы 27 қыркүйекте билік пен әскер күшін пайдаланып Талибан жауынгерлері Кабулға кірді. Тәліптер БҰҰ ғимаратын паналаған Ауғанстанның бұрынғы президенті Мохаммад Наджибулла Ахмедзай мен оның ағасы Шахпур Ахмедзай өлім жазасына кесті.
Астананы басып алғанға дейін әскери құрылымы болған Талибан осы күннен бастап өз үкіметін құрғанын жариялады. Жаңа үкімет Ауғанстан Ислам Әмірлігі деп аталды. Ал негізін қалаушы Молла Омарды Эмирел Муминин (Мүміндердің әмірі) деп жариялады. Туларын өзгертіп, Молла Омар есімімен мешіттерде уағыз оқылды.
Ауғанстанды жіті қадағалайтын сарапшылардың пікірінше, содан бері Талибан Пәкістанның аймақтағы мүдделері үшін соғысатын ұйымға айналған.
Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы Ауғанстан Ислам Әмірлігін ресми түрде мойындаған.
Билікке келгеннен кейінгі кейбір қағидалары
О баста салыстырмалы түрде ережелері жұмсақ көрінген ұйым Кабулды алғаннан кейін өте қатаң ережелерді қолдана бастады.
Шариғатқа негізделген конституциялық жүйе күшіне енді. Ханафи мазхабына басымдық берілді.
Әйелдерге жұмыс істеуге, қыздардың мектепке баруына және білім алуына тыйым салынды.
Әйелдерге орамал, еркектерге сақал қою міндеттелді.
Сақалын алғандар 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жүздерін көрсеткен әйелдерді қамшымен ұрды.
Ауғанстан телеарнасының көрсетілімі тоқтатылды. Визуалды хабарлар мен музыканың барлық түрлеріне, фото түсуге тыйым салынды.
Еркектер үйіне жақын мешітте күніне 5 уақыт намаз оқуға міндетті болды.
Намаздың уақытын білмейтіндерді қамшымен ұрды.
Медреселерде 3-сыныптан бастап барлық оқушылар бастарына кемінде 3 метрлік орамал орап келуге міндеттелді.
"Ислам мемлекетіне" қарсы шыққандар сатқын деп танылып, тікелей өлім жазасына кесілді.
Өлім жазасы мен бас кесу рәсімдері жұма намазынан кейін, жұртшылық алдында жасалды.
Ресми мекемелерде пушту тілі міндетті болды.
Жүргізушілер "жолаушы әйелдерге қарамауы үшін" қоғамдық көліктегі айналар алынып тасталды.
Отставкаға кетуі
2011 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы террорлық шабуылдан кейін АҚШ әкімшілігі "Әл-Каида" жетекшісі Усама Бен Ладенді шабуылға күдікті деп таныды. Оны Талибан жасырып отырғанын мәлімдеп, Бен Ладенді беруді сұрады. Талибан Усама Бен Ладенді АҚШ-қа тапсырмайтынын мәлімдеп, АҚШ 2001 жылғы 7 қазанда Талибанға қарсы операция бастады. Тәліптер аз уақыт ішінде өзіне тиесілі барлық қалалардан айырылып, Кандаһарға шегінді. Артынша ол жерден де айырылып, тауға шегінуге мәжбүр болды.
2002 жылдан кейін бұл ұйым АҚШ пен Батыс қолдайтын Кабул үкіметіне қарсы партизандық күрес жүргізді.
Талибандар Ауғанстанды қалай қайтадан басып алды?
2020 жылғы ақпанда АҚШ пен Талибан қозғалысы бейбіт келісімге келіп, оған сай АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаратын болып келісті. Ал тәліптер Ауғанстандағы өз кезегінде шетелдік күштерге шабуыл жасамауға уәде берген. Бірақ Ауғанстанның қауіпсіздігіне байланысты еш міндеттеме алмаған.
Ауғанстаннан АҚШ әскері шығарыла бастаған соң маусымда тәліптер елдің көптеген аудандары мен провинцияларының орталықтарын біртіндеп басып алып жатты.
Тәліптер Кабулды қоршап алғаннан кейін ауған үкіметіне әкімшілік астананы бейбіт жолмен беруге шақырған.
15 тамызда тәліптер Кабулды басып алып, ел президенті Ашраф Ғани елден қашып кеткені хабарланды. Артынша тәліптер Кабулдағы президен сарайынан мәлімдеме жасап, Ауғанстанда үстемдік орнататқанын хабарлады.
Бүгінде "Талибан" радикалдық ұйымының басшысы – Малави Хибатулла Ахунзада. Ол 2016 жылдан бері саясат, дін және әскери іс бойынша ең жоғарғы адам.
"Талибан" Кабулға кірген кезде биліктегілер халықты тыныштандырып, бәрі бақылдауда екенін айтқан. Бірақ халық сене қоймаған. Кабул көшелерінде кептеліс болып, халық үйін тастап қашып жатты. Әуежайға да жүгіргендер де көп болды.
"Талибан" радикалды қозғалысының содырлары жақын арада елде Ауғанстан Ислам Әмірлігі құрылатынын мәлімдеді.