Жаңалықтар 17.08.2021 сағат 12:00

Хромтау шахтасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Хромтау шахтасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Хромтау ауданына қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалып, бір жұмысшы оқиға орында қаза тауып, екінші кенші жарақат алды. Жарылыс кезінде зардап шеккен кеншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп мәлімдеді "Қазхром" ТҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға жөнінде мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жарылысқа әкелген себептер туралы әзір белгісіз. Дөң кен байыту комбинатындағы "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" атындағы шахтадағы төтенше жағдай жөнінде  құзырлы мемлекеттік органдар әзірге ақпарат берген жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар