$ 448.15  483.46  4.86

9 жастағы баланы қинап, кірпіш көтерткендердің видеосы жарияланды

Желі оқырмандары видеодағы ер адамды жазалауды талап еткен.

Алматы облысында баланы қорлап, қинау әрекеті түсірілген видео Желі оқырмандарының ашуын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тараған. Онда кішкентай баланы жұлқып, кірпіш тасытып, ұрған ер адамды көруге болады. Желі оқырмандары видеодағы ер адамды жазалауды талап еткен.

Бұл жағдай туралы Алматы облыстық ПД өкілдері мәлімет берді. Бұл оқиға туралы хабар полицияға биыл 11 тамызда түскен екен.

"Оқиға Алматы облысы Сарқанд қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көрiнеу кәмелетке толмаған адамды қинау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеуден 9 жастағы бала 7 және 14 жастағы бауырларымен бірге 2020 жылы асырап алынғаны анықталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Тергеу барысында 9 жастағы жасөспірім асырап алған ата-анасының 17 жастағы баласы қинағанын айтқан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Сонымен қатар, қамқоршыларға қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға берілді. 17.08.2021 жылы осы комиссияның отырысы өтті, оның шешімі бойынша ерлі-зайыпты қамқорлық құқығынан айырылды және үш бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген ПД хабарламасында.

Тергеу барысын Алматы облыстық ПД басшылығы бақылауға алғаны айтылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары