$ 498.34  519.72  4.85

Ұшақтан құлаған адамдар. «Талибан» өкілі АҚШ-ты кінәлады

Қозғалыс өкілінің айтуынша, тәліптер "әуежайдағы қауіпсіздікпен айналыса бастағанда мұндай оқиғалар болмаған".

"Талибан" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының өкілі Сухейл Шахин Кабул әуежайындағы эвакуация кезінде адамдар қаза болуына АҚШ жауапты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл мәлімдемесін ол Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

"Америкалықтар қауіпсіздікті ойлауы керек еді, сол адамдар әуежайға кіруіне жол бермеу керек еді, ал біздің күштер онда болмады. Біздің жауапкершілігіміз емес. Олар жауап берді, олардың ұшағы, біздің емес", - деді Сухейл Шахин.

Қозғалыс өкілінің айтуынша, тәліптер "әуежайдағы қауіпсіздікпен айналыса бастағанда мұндай оқиғалар болмаған".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары