Жаңалықтар 18.08.2021 сағат 16:20

Павлодарда полицейлер 5 мың малды айыппұл тұрағына қамап тастады

Бақылаусыз жайылып жүрген мал мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Павлодарда полицейлер 5 мың малды айыппұл тұрағына қамап тастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер иесіз жайылып жүрген 4936 бас малды анықтады. Жануарлар айыппұл тұрағына айдалса, олардың иелері жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Бақылаусыз жайылып жүрген мал мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Иесіз мал-ұрылар үшін оңай олжа, сонымен қатар қайғылы салдары бар жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Мысалы, Тереңкөл ауданындағы «Омбы – Майқапшағай» автожолының 324 шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері қараусыз жайылып жүрген сиырларды анықтады.

Полицейлер 10 сиыр арнайы айып тұрағына қамады. Полиция қызметкерлері мал иесін анықтады. 40 жастағы ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Ленин – Ақсу» автожолының 11 шақырымында сиырлар жүрген. Ірі қара мал трассада және қыста мал азығына арналған шөпті таптап, шабындықта бақылаусыз жайылып жүрген. Учаскелік полиция инспекторы 34 бас малды айыппұл тұрағына қамады. 55 жастағы мал иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер бақылаусыз жайылып жүрген 4 936 малды анықтады, олар айыппұл тұрағына қамалды. Бүгінгі күні облыс аумағында малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар