$ 494.87  520.65  4.91

Құтқару қызметіндегі 25 жыл: жетістік қандай?

Өткен жылы азаматтық қорғау органдарынының құрылғанына ширек ғасыр толды. Төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеген жылдар ішінде төтенше жағдайларды жоюға 1 млн 353 мыңнан астам сапар жасалған екен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті Жолдауында атап өткендей, қазір табиғи және техногендік апаттар дәуірі.

«Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарауымыз керек. Министрліктің бағытына жатпайтын ведомствоны қарамағынан шығаруымыз керек. Нәтижесінде маңызды ведомствоның жұмыс жасау сапасы артпақ. Техногендік және табиғи апаттар дәуіріне қадам басқанымызды ескере отырып, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру маңызды деп білемін», - деген еді Президент.

Қазақстан аумағы бірқатар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға бейім. Бұл жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны, эпидемия, табиғи өрттер, дауылдар және басқалар. Бүгінде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына орай, Үкімет ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қабылдап жатыр. Осыған орай Skifnews.kz ақпараттық порталы сала бойынша шолу жасап шықты.

Өткен жылы азаматтық қорғау органдарынының құрылғанына ширек ғасыр толды. Төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеген жылдар ішінде төтенше жағдайларды жоюға 1 млн 353 мыңнан астам сапар жасалған екен. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі, кәсібилігі, жеделдігі арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылып, 334 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланған, 55 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.

Жыл сайын елімізде орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ тіркеледі, оның 15 мыңы өрт жағдайы. ТЖ аймағынан құтқарушылар шамамен, 8 мыңдай азаматты құтқарып, 20 мыңнан астамын эвакуациялайды, 4,5 мыңдай зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. Ширек ғасырда елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. 

Атап айтқанда, заңнама қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіру-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту сияқты нақты жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, бұл аралықта 1,5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мыңнан астам өрт-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынды. 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды. Өрт сөндірушілердің жалақысы 20% - дан 65% - ға дейін өсті. Лауазымдық жалақыларының өсуі азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан астам қызметкеріне қатысты болды. Бір ғана Көкшетау техникалық институтының қабырғасынан 5 мыңнан астам маман шығарылды, олар күндіз де, түнде де азаматтар мен мемлекет аумағының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызмет атқарады.

Алматы облысында Қорғас өзенінде селден қорғауды қамтамасыз ету үшін шартты түрде Қорғас-1 және Қорғас-2 деп аталатын екі жоба іске асырылуда. Селден қорғау кешенінің негізгі элементі сел ұстайтын Шүкірбұлақ (Алмалы) бөгеті, оның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағында орналасатын болады. Алматы қаласындағы «Ақсай» шатқалында және Ақсай өзенінің «Аюсай» бассейнінде сел тасқынынан болатын қауіпті азайту үшін сел ұстайтын бөгеттер салу жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 31 халықаралық келісім жасалды. Қазақстан ТЖМ БҰҰ бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жемісті ынтымақтастық орнатты.

Дербес уәкілетті органды құру дағдарыстық жағдайларда жылдам әрекет етуге айтарлықтай әсер етеді, Төтенше жағдайлар министрлігіне түрлі апатты жағдйлардың алдын алу және жою саласында үйлестіруші рөл берілген. Осы ретте негізгі бағыттар мен міндеттер анықталды. Бұл:
•    ТЖ басқарудың тиімді тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді ұтымды бөлу; 
•    азаматтық қорғау күштері мен құралдарының бейбіт және соғыс уақытында ТЖ-ға жедел ден қоюға, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тұрақты әзірлігі;
•    қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қауіпті факторларының әсерін азайту немесе жою жөніндегі іс-шараларды мониторингтеу, әзірлеу және іске асыру;
•    азаматтар мен қоғамға ТЖ-дан келетін қауіп-қатерлер мен залалды барынша азайту;
•    авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде орынды тәуекел ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
•    халықтың кеңінен қатысуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
•    волонтерлерді, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етуде;
•    тәуекелдер жүйесін басқару бойынша жаңа көзқарас бар, ол азаматтар мен ел үшін ТЖ салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, соңғы жылдары республиканың өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық техникалық қайта жарақтандыру бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Заманауи талаптарға жауап беретін түбегейлі жаңа және тиімді өрт сөндіру технологиялары енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары