Жаңалықтар 19.08.2021 сағат 09:40

Қанат Ислам жақын арада кездесу өткізуі мүмкін

Ол Түркияның Стамбул қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады.
Қанат Ислам жақын арада кездесу өткізуі мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Түркияның Стамбул қаласындағы жаттығу жұмыстарын бастады, деп жазады Vesti.kz

Жаттығу жұмыстарын Ислам Performans Spor Kulübü спорт залында өткізіп жатыр. Боксшы бір апта бұрын дайындыққа кіріскен. Ал бұған дейін Қазақстанда болған еді. Негізі Қанат Ислам маусым айында жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда белгісіз себептерге байланысты кездесу өтпей қалды.

Соңғы рет ол 21 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында эквадорлық Джейсон Миндаға (14-4-1, 8 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар