$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында жасөспірім анасы асырап алған інісін таяқтың астына алды

Тұрғындардың айтуынша, асыранды бала үнемі қорлық көріп келеді екен.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Алматы облысына қарасты Сарқан қаласында жасөспірім 10 жастағы інісіне күш көрсетіп, соққыға жыққан. Көршілері болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бала үнемі отбасының үлкендерінен таяқ жеп, қорлық көріп келеді екен.

«Бұл үйде төрт бала бар, отбасы балалар үйінің тәрбиеленушілерін асырап алған, алайда оларға күн көрсетпейді. Күн сайын ыстықта баланың арқасына 6 кірпіш қойып, аузына құм құяды», - деп айтылған жазбада.

Видеода бүлдіршінге қол көтерген жасөспірім балаларды асырап алған әйелдің туған ұлы екен. Кішкентайлардың жан-айқайын күн сайын еститін көршілері полиция шақырып, мән-жайды анықтамақ болған.

Өз кезегінде облыстық полиция департаменті аталған мекен-жайға келіп, видеодағы мәселенің отбасылық түсініспеушіліктен туындағынын хабарлады.

«Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады. Белгілі болғандай, көп қабатты үйдің ауласында 8 жастағы екі бала төбелесіп, содан кейін олардың біреуінің 14 жастағы үлкен ағасы інісіне қарсы тұрып, басқа баланы ұрды. Қазіргі уақытта Іле аудандық ПБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері материалдарды жинау жұмыстарын жүргізуде, ол тәрбие сипатындағы шараларды қабылдау үшін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілетін болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 14 жастағы жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір балалар мен ата-аналар өзара татуласып, бір-біріне наразылығы жоғын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары