$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек, - деді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз, делінген ресми мәлімдемеде.

Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс, - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары