18 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 163 адам көз жұмды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның 45-і пневмониядан, ал 118 науқас КВИ-ден қайтқан.
20 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 620 адам коронавирус инфекциясынан (–117 108 + және 5 512 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 128 пациент стационарда, 92 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 918 адамның жағдайы ауыр, 551 пациенттің жағдайы өте ауыр, 248 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.