"Хабар 24" телеарнасының "Әкім" бағдарламасының тағы бір кейіпкері желіде танымал болды деп хабарлайды Paryz.kz.
Видеодан үзіндіні бағдарлама жүргізушісі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, онда Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаров жарықтың жиі сөнуіне қарғаны кінәлайды.
Қарғаның қанаты трансформаторға тиіп кете береді. Содан ауылда жарық болмай қалады. Мәселені қалай шешетінімді білмеймін, – дейді ол.