$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды

Тағы 224 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметте көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

19 тамызда жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 354 жағдайы және 26 өлім жағдайы тіркелген. Коронавирус ПТР-сынамсымен расталған 103 өлім жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ, 21 тамыздағы мәлімет бойынша 122 875 адам коронавирус инфекциясынан (117 171 КВИ+ және 5 704 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

 30 128 пациент стационарда,
94 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 920 адамның жағдайы ауыр,
549 пациенттің жағдайы өте ауыр,
224 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары