$ 449.58  486.94  4.86

Шығыс Қазақстанда орман өртенді

Қызыл жалын жалпы ауданы 4,2 гектар жерді шарпып үлгерген.

Көкпекті ауданының Мариногор ауылдық округінде өрт болды, деп хабарлады Алтайньюс.

"40 гектар алқаптағы құрғақ шөп жанып кетті. Сондай-ақ орман аймағына да жеткен қызыл жалын жалпы ауданы 4,2 гектар жерді шарпып үлгерген", деп хабарлайды  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен техникасы, Орман шаруашылығының, жергілікті әкімдіктің қызметкерлері мен машиналары жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#орман өрті