$ 444.22  476.38  4.82

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

23 тамызда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл әлі де соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 23-25 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының көп бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

23-24 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 23-24 тамызда облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23-24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары