23.08.2021, 10:40

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 137 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
24-і пневмониядан қайтқан.

Қазақстанда 21 тамызда коронавирус пен пневмониядан 137 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның 113-і COVID-19 вирусынан, 24-і пневмониядан қайтқан.

Өңірлер бойынша ең көп өлім-жітім Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді.