Әлеуметтік желіде "Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирус боп жатқан науқас жазыпты" деген мәтіндегі хат тарап, оқырмандар арасында қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды ЭК.
Аталмыш хатты Instagram желісінде elbasy_live парақшасы жариялаған.
"Бұл хатты Шымкент қаласының коронавирустан емдеу орталығында Т.Орынбаев атындағы ЦГО жатқан науқас өз әйеліне жазған. Төменде хаттың мазмұндамасын ұсынамыз" — дейді Instagram қолданушы.
Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислород өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алар емеспін", - деген жазба қалдырды elbasy_live парақшасының иесі.
Дәл осы жазба Facebook желісінде де жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына айналды.
Желі қолданушылар "Ойбуу, не деген азап өлім...", "Құдай сақтасын, қандай ауыр хат. Расында жаны қиналып жатқан қаншама адам бар. Сұмдық жағдай" деген секілді жазба қалдырып, өз көңілдерін білдіруде.
Екі жазбада да хат иесінің қайтыс болғандығы айтылады.
Әзірге құзырлы орындардан ресми түсініктеме жасалған жоқ.