$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің кейбір аймақтарында шаңды дауыл күтіледі

Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 21-23 тамызына ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы демалыс күндері республика бойынша тұрақты ауа райы сақталады. Ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

“Бұрынғыша ауқымды антициклон, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әсерін сақтап қалады. Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыста, фронтальдік бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылмен жел күшейеді. Температура фоны күндіз солтүстікте, орталықта 23-35 жылу,
оңтүстік және оңтүстік-шығыста 28-39 жылу, шығыста 17-28 жылуды құрайды. Елдің батысында, әлі де ыстық ауа райы болмақ — температураның негізгі фоны 33-41 жылу аралығында болмақ”, – дейді синоптиктер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Синоптиктер