$ 448.81  476.82  4.77

Қандай көліктер елімізде көп ұрланады?

Жыл басынан бері автокөлік ұрлағаны үшін 749 адам ұсталған.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов елімізде жиі ұрланатын көлік маркаларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жиі ұрланатын көлік маркалары - Мерседес, Тойота, Мазда, БМВ, Фольксваген және Лексус», - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның дерегінше, қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде биыл көлік ұрлығының 13,3, ал көлікті айдап кету қылмыстарының 17,8 пайызға төмендегені байқалады. Жыл басынан бері автокөлік ұрлағаны үшін 749 адам, оның ішінде 17 қылмыстық топ ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік ұрлығы