"Экспресс К" журналисті Тимур Ниталиев пен фототілші Әлімжан Барангуловтың Маңғыстаудағы шалғайда жатқан шаруаларға барып, арнайы репортаж дайындады.
Түсірілім тобы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы 75 жастағы Олжас Көшербаевтың қожалығына барып, жаға ұстатарлық көріністің куәсі болған. "Экспресс К" журналистеріне қожалық иесі Олжас ақсақал, мемлекет тарапынан бірде-бір қолдау болмағанын айтып, шағымданған.
"Мен осында туып-өстім. Мал шаруашылығымен айналысқаныма 5 жыл болды. Мұндай құрғақшылық ешқашан болған емес. Жаздың басында менде 25 жылқы болды, қазір 10 қалды. Бір жылқы шамамен 400 мың теңге тұрады. Есептей беріңіздер... Жаңбыр жоқ, шөп өспейді, жем де жоқ. Мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді", — деді Көшербаев.
Фермер Маңғыстау облысындағы мал өсірушілерге көмек көрсету үшін ақшалай қаражат беріліп жатқанын әр жерден естігенін айтады. Деседе көмекті әлі күнге дейін көрмеген.
Айтуынша, үкіметтен бөлінген қаражаттан көмек алу үшін қағазбастылық шаршатады.
"Олар көптеген құжат жинатады. Біз мұнда бәрін тастап, қалаға барамыз, жинаймыз... Содан кейін олар бізге қоңырау шалып, кейбір құжат дұрыс жиналмаған, проблемалар бар дейді. Тағы да қалаға барамыз. Бір біріне сілтеп, жөнін айтпай сандалтады. Мен көмек аламын деп күні бойы құжат жинап жүргенімде, мал қырылып бітетін болды", — дейді фермер Олжас Көшербаев.
Айтуынша, Маңғыстауда биылға дейін бір түк шөптің бағасы 500-600 теңге болған. Жем де осындай арзан бағада сатылып келген.
Қолда қалған жылқыларға қоректенетін ештеңе жоқ. Олар жыл соңына дейін өледі. Мен оларды баға алатын басқа фермерге сатқым келеді. Барлығының қабырғалары ырсиып, жанбас сүйіктері көрініп тұр. Мұндай жылқыларды тегін берсең де ешкім алмайды, - дейді ол.
Оның айтуынша, жануарлар құмға жайылып кетіп, арам қатып жатыр екен.
Маңғыстауға көмек көрсетіледі деп жатыр. Бірақ бізде ештеңе жоқ! Бізге әкімдіктен ешкім келген жоқ. Олар бізді көрмейді, біз оларды көрмейміз, - дейді Көшербаев.
Фермерлер жыл соңына қарай құрғақшылықтың салдарынан ет бәсі айтарлықтай қымбаттайды деп болжайды. Кейбіреулер қазірдің өзінде бір келі қой етін кем дегенде 5-6 мың теңгеге сататындарын мәлімдеген.
Жасанды жаңбыр жаудырған Дубайдағыдай технология қажет. Міне, бұл көмек болар еді,- деп есептейді Көшербаев.
Біздің айқайымызды ешкім естімейді, бәрі саңырау. Түркістан, Шымкент, Ақтөбеден бізге көмек жібереді деп айтады. Жоқ, біз көрмейміз! Сенбейсіз бе? Мұнда кез-келген адамнан сұраңыз. Менің малымның сүйектері көп. Мен осы сүйектерден үй тұрғыза аламын, - деді Олжас Көшербаев.