Қостанайдың тұрғындары осындай жантүршігерлік әрекетке куә болды, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Қостанайдың тұрғыны Евгения Артанж жариялаған. Оның айтуынша, бұл оқиға Урожайная көшесіндегі алты қабатты үйдің қасында, демалыс күндері болған.
"Иттің жанын қоярға жер таппай қыңсылаған дауысы ауланы жаңғыртты. Тұрғындардың бәрі үрейі ұшып, сыртқа атып шықты. Үш ересек адам, ішінде біздің аулада тұратын зейнеткер де бар, алты қабатты үйдің қасында қапшықты балғамен ұрғылап жатқанын көрдік. Тұрғындар полиция шақырып, итті құтқармақ болды. Алайда, олар итті өлтіріп тастады. "Мұныңыз не?" деген бізге иесі: "бұл тауық жеп жүр" деп қысқа қайырды, — деп жазады Евгения.
Бейнежазбада ер адамдардың итті қалай азаптап өлтіргені түсірілмеген. Алайда қолдарына балға ұстап, қапшыққа салып әкетіп бара жатқанын анық көруге болады.
Оқиға куәгері қыз бала адамдардың мұншалықты жауыздығынан жаны түршіккенін айтады.
Полиция департаменті материал тіркелгенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда учаскелік полиция қызметкері оларды жауапқа тарту үшін бейнежазбадағы адамдардың жеке басын анықтап жатыр, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.