$ 480.55  533.75  5.36

Елордадағы мектеп қабырғасында «көрінбейтін лифт» бар

Мектеп өкілі ғимараттағы баспалдақ әлі дайын болмағанын, дегенмен лифт бар екенін айтады. Алайда лифтті көрсетуді сұрағанда, ол бос қабырғаны көрсеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Instagram желісінде елордалық мектептегі «көрінбейтін лифт» туралы видео тарады. Онда мүгедек балаларға арналған лифттің қайда екенін сұраған адамға мектеп өкілі қабырғаны көрсеткен, деп хабарлады Елорда Инфо.

Avtozhez тобы жариялаған кадрда мектеп өкілі ғимараттағы баспалдақ әлі дайын болмағанын, дегенмен лифт бар екенін айтады. Алайда лифтті көрсетуді сұрағанда, ол бос қабырғаны көрсеткен.

Осы орайда қалалық Білім басқармасы қоғамда қызу талқыланып жатқан видеоның пайдалануға берілмеген жаңа №92 мектепте түсірілгенін түсіндірді. Сонда мәлім болғандай, шын мәнінде лифт бар, бірақ оның орны қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған екен. Ал оған қажетті жабдықтар жақында келуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары