Елімізде келесі 2022 жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің «2022 жылы кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысының жобасы Ашық Нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды. Қаулы жобасында 2022 жылы 8-Наурыз (Халықаралық әйелдер күні) және 30-тамыз (Конституция күні) мерекелеріне орай демалыс күндерін ауыстыру қарастырылған.
«Демалыс күндері 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге және 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын», - делінген қаулы жобасында.
Айта кетейік, аталған қаулы алдағы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.