24.08.2021, 10:00

Павлодарда ер адам суға батып кетті

Фото: ашық дереккөзі
Оны сол жердегі куәгерлер растаған.

Павлодарда Ертіс өзенінің жағалауында 38 жастағы ер адам суға батып кетті, деп жабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға кеткен ер адам мас болған. Оны сол жердегі куәгерлер растаған.

«Құтқарушылар бригадасына кешкі сағат 20:30-да ер адамның суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай ол өзеннің жабдықталмаған жерінде суға шомылған», - деді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері Сабыржан Тастембеков.

Суға кеткен ер адамды іздеу жұмыстары таңертең жалғасады.

Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.