24.08.2021, 10:20

Цой эпидахуалға байланысты жаңа болжамдарымен бөлісті

Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тәулігіне тіркелген жағдайлардың орташа саны 6 300 жағдайға дейін.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күздегі коронавирус инфекциясына байланысты жаңа болжамды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Финансовые услуги оказывает: АО "Жилищный строительный сберегательный банк "Отбасы Банк" ЖК MONACO RESIDENCE от BAZIS-A monaco.bazis.kz Скрыть рекламу: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қараша айына дейінгі болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тәулігіне тіркелген жағдайлардың орташа саны 6 300 жағдайға дейін, қазанда 2 400 жағдайға дейін болады. Реалистік сценарий бойынша қыркүйекте 5 300 -ге дейін, қазанда 1 800-ге дейін жетеді. Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, ал қазанда тәулігіне 1 300 жағдайға дейін тіркеледі, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында. 24 тамыздағы жағдай бойынша елімізде КВИ-дан 123 226 адам емделіп жатыр, оның 28 577-сі ауруханада, ал 94 649 адам амбулаторлық деңгейде ем алуда.

Ауыр жағдайда - 1824, өте ауыр жағдайда - 555, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 267 науқас.

Тегтер: Алексей Цой