$ 444.32  473.33  4.76

Шығыс Қазақстандағы өртті 200 адам сөндіре алмай жатыр

Оларға жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар көмектесуде.

Шығыс Қазақстан облысындағы Көкпекті және Аягөз аудандарында кеше шыққан дала өртінің беті әлі қайтар емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндірушілер Көкпекті және Аягөз аудандарында шөпті шарпыған тілсіз жаумен күресіп жатыр. Оларға жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар көмектесуде. «Көкпекті ауданындағы «Ключи» учаскесінде қызыл жалынның жалпы ауданы 45 гектарды, Аягөз ауданындағы Қара Божыр учаскесінде 25 гектарды және Үмбетай учаскесінде 10 гектарды құраған. Оқиға орнында барлығы 88 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органның 92 қызметкері, 10 орманшы және 27 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге қатты жел және арнайы техниканың қозғалысына жолсыз жер кедергі келтіруде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #ШҚО