$ 494.87  520.65  4.91

Ауғанстанның бұрынғы министрі Германияда курьер болып жүр

Экс-шенеунік өткен жылдың соңында Ауғанстаннан кеткен. Ол өзінің жинаған ақшасы таусылған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты.

Германияға кеткен Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Садат Лейпциг қаласында курьер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Экс-шенеунік өткен жылдың соңында Ауғанстаннан кеткен. Ол өзінің жинаған ақшасы таусылған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты. 

Садатты жергілікті Lieferando атты азық-түлік жеткізу қызметіне курьер ретінде жұмысқа қабылдаған. Алайда экс-шенеунік Еуропадағы ең ірі телекоммуникациялық Telecom компаниясында жұмыс істеуді армандайтынын мойындайды. 
15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстан толықтай олардың бақылауында екенін жариялады. Бұл Кабулды басып алғаннан кейін болды. Әскерилер бірнеше апта ішінде елдің көп бөлігін және барлық ірі қалаларды бағындырды. Дәл сол күні президент Ашраф Гани Ауғанстаннан кетті. Мемлекет басшылығы билікті тәліптерге беруге мәжбүр болатын уақытша кеңеске өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары