Жаңалықтар 24.08.2021 сағат 15:40

Қойшы бала ерекше дауысымен елді сүйсінтті (видео)

Жас баланың мағыналы әнін үлкендер жағы ұйып тыңдап отыр.
Қойшы бала ерекше дауысымен елді сүйсінтті (видео)
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отбасылық кеште ән салған жас баланың дауысы жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды ЭК.

Видеосын Tik-Tok әлеуметтік желісінде @shoranumit есімді қолданушы жариялаған. Онда мал жайғап келіп, отбасылық дастархан басында отырған отбасы көрінеді. Жас баланың мағыналы әнін үлкендер жағы ұйып тыңдап отыр.

Кейбіреулер "бұл бала Моңғолияның немесе Қытайдың қазағы" десе, енді бір дерек көзі "Кеген ауданының Бөлексаз ауылының тұрғыны екен" дейді.

Видеода дарынды әнші баланың қойшы екені жазылыпты. Желі қолданушылары баланың өнеріне тамсанып, таланты барын мойындаған. Расында да, дауысы ашық әрі зор. Сондықтан қолдауы, демеуі болса, жұрт болашақта одан жақсы әнші шығатынын болжап отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар