Қостанай облысына қарасты “Обаған” автомобильдік өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ЭК.
ҰҚК Шекара қызметі мұндай шешімді РФ Қорған облысының аумағындағы "Звериноголовское" автомобильдік өткізу пунктіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданғанын хабарлады.
"Жол жөндеу жұмыстары өткізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жүк көлік құралдарын өткізілу уақытша тоқтатылады. Аталған өткізу пункті арқылы жүк көлік құралдардың жол бағытын түзету үшін хабарлаймыз", — делінген баспасөз мәлімдемесінде.