Жаңалықтар 24.08.2021 сағат 17:20

Жапонияда VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды

«Qazsport» телеарнасы XVI Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.
Жапонияда VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жапония астанасы Токио қаласында VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.

Қазақстан құрамасынан суға жүзуден - 7, дзюдодан - 7, пауэрлифтингтен - 5, таеквондодан -3, жеңіл атлетика, каноэде ескек есу мен оқ атудан - екі-екіден спортшылар қатысады.

Қазір Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрінген Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстап шығады деп күтілуде.

Токио Паралимпиада ойындарында дүние жүзінің 136 мемлекетінен келген 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.

Айта кетсек, «Qazsport» телеарнасы XVI Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді,

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар