24.08.2021, 18:00

«Талибан» қозғалысының өкілдері өздерінің ата жауын елді бірлесіп басқаруға шақырып отыр

Фото: ашық дерекөз
Ауғанстанда талибандар 12 адамнан құралған кеңес құрмақ.

Ауғанстанда талибандар 12 адамнан құралған кеңес құрмақ, – деп хабарлады 24.kz.

Кеңестің құрамында талибандардың беделді өкілдері мен бұрынғы үкіметтің мүшелері болмақ. Сонымен қатар олар жаңа кеңесте Панджшер провинциясындағы дала командирінің ұлы Ахмад Масудты да көргілері келетінін айтты. Ал президенттік лауазым немесе ел басқаратын жеке адамның қызметі болмайтын көрінеді.

Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.