$ 494.87  520.65  4.91

ЦРУ басшысы «Талибан» лидерімен құпия кездесті – БАҚ

Кездесуде не талқыланғаны әзірге белгісіз.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (Central Intelligence Agency) директоры Уильям Бернс «Талибан» қозғалысының жетекшісімен (қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған) жасырын кездесу өткізді, деп хабарлайды Washington Post.

Басылымның жазуынша, CIA басшысы Уильям Бернс 23 тамызда Кабулда «Талибан» лидері Абдул Ғани Барадармен кездескен. Олардың не талқылағаны әзірге белгісіз. Алайда, кездесу болған күні тәліптер америкалық және басқа да шетелдік әскерді Ауғанстаннан шығарудың соңғы мерзімі 31 тамыз екенін мәлімдеді.

Ал, Вашингтон бұған дейін НАТО күштерінің Ауғанстаннан шығарылуына қатысты жағдайға түсінік беріп, бұл елден қашқан мыңдаған адамдардың ретсіз эвакуациясы салдарынан Батыс әскерінің белгіленген мерзімнен тыс Ауғанстанда қалуын талап етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Дүйсенбіде Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас журналистерге Германия, АҚШ, Түркия және Ауғанстан билігіне келген «Талибан» арасында «Кабул әуежайындағы азаматтық операцияны жеңілдету және 31 тамыздан кейін эвакуация жүргізу мүмкіндігі» туралы келіссөздер басталғанын хабарлады.

Еске салайық, 15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті. Қазір Ашраф Ғани отбасымен бірге БАӘ-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары