Жаңалықтар 25.08.2021 сағат 15:20

Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушыларын зорлықпен тұрмысқа бермек болған

Қыздардың біріне ауыл молдасының отбасы құда түскен.
Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушыларын зорлықпен тұрмысқа бермек болған
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылында 15 жастағы қос бірдей мектеп оқушысын әкелері мұсылмандық жолмен тұрмысқа бермек болған. Бұл туралы «Не молчи» қоғамдық ұйымы желідегі парақшасында жазды.

«Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының 15 жастағы мектеп оқушыларын зорлықпен тұрмысқа бергелі жатыр. Қыздардың біреуін ертең алып кетеді. Осыны біле тұра ешкім үндемейді. Жақында ғана қыздардың бірін шугаринг процедурасына алып келді. Қыз қатты айқайлады, әлі кішкентай бала. Кімнен көмек сұрауға болады? Мен өзім Жаңатұрмыста тұрамын. Қыздардың біреуіне молда отбасы құда түскен. «Қыз баланың қолынан жылаудан басқа ештеңе келмей отыр» деп құрбысы айтты. Екіншісін ажырасқан еркекке бергелі жатыр. Тойға дейін бір жыл күтеді деп еді, бір аптадан соң алып кеткен. Сол қызды шешесі шугарингке алып келіп, «шыда» деп қарап тұрған», - деп жазылған ұйымға жазылған хабарламада.

Аталған жағдайға байланысты Azattyq Rýhy тілшісі Қарасай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Әкімдік мұндай жағдай болғанын растап отыр.

«Әлеуметтік желіде тарап кеткен «Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының қос бірдей мектеп оқитын қыздарын тұрмысқа беріп жатыр» деген мәлімет бойынша келесіні хабарлаймын. Аталған жағдайға байланысты екі оқушының әкелері шақырылып, түсініктеме алынды. Түсініктемеге сәйкес, оқушы қыздар тұрмысқа шықпайтындығы, мектепте оқып, 11 сыныпты бітіретіндігі және тұрмысқа тек кәмелет жасынан асқаннан кейін ғана шығатыны анықталды. Оқушы қыздардың ата-анасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - деді Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Саматұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар