Жаңалықтар 25.08.2021 сағат 16:20

Отандық құтқарушылар Түркиядан оралды

Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді.
Отандық құтқарушылар Түркиядан оралды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін сағат 12.00-де Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды. Әуежайда оларды төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және туыстары мен достары қарсы алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.  

ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді.  

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар