Алматыда Digital Ustaz Almaty байқауы басталды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы мектептері постковидтік кезеңде: білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі" форумында хабарлады.
Әкімнің айтуынша, онлайн оқыту жаңашылдыққа, инновацияға ашық, өзін үнемі дамытуға және шығармашылық өсуге ұмтылатын мұғалімдер қажет екенін көрсетті.
"Мұғалімдерге осындай мүмкіндік бергіміз келеді. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорымен бірге Digital Ustaz Almaty жаңа байқауының басталғанын хабарлаймыз. Оның басты мақсаты цифрлық технологияларды оқыту және цифрлық педагогиканың үздік әдістерін үйрету", - деді Алматы әкімі.
Байқау 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде білім беру саласындағы жетекші халықаралық спикерлер вебинар мен шеберлік сағатын өткізеді.
Байқау жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған. Ал бірінші орын иегері білім тағылымдамасынан өту үшін Лондонға немесе Хельсинкиге барады.