$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің 7 облысында аптап ыстық болады

Өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет 26 тамыз күнгі ауа райына байланысты еліміздің жеті өңірінде ескерту жариялады, деп жазады baq.kz.

Батыс Қазақстан облысында 36 градус ыстық күтіледі. Өрт қауіпі сақталады. 
Атырау облысында 39 градус қатты ыстық сақталады.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 
Түркістан облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің күші найзағай жарқылдаған кезінде күшейіп, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталықта, оңтүстікте және батыста өрт қаупі сақталады. 
Ақтөбе облысында 38 градусқа градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аптап ыстық