$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбеде ауыл маңынан артиллерия снаряды табылды

Ауыл тұрғыны оны өзінің үйінің ауласына сүйреп апарған.
Фото: Inform.kz
Фото: Inform.kz

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Тассай ауылы маңынан артиллерия снаряды табылып, жойылды. 

Тассай ауылының тұрғыны Хромтау ауданының полиция бөліміне хабарласып, жақын жерден артиллерия снарядына ұқсас тот басқан металл зат табылғанын айтты. Ауыл тұрғыны оны өзінің үйінің ауласына сүйреп апарған.

«Полиция қызметкерлері артиллерия снарядын тәркілеп, жойды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарға мұндай «қызықты» заттар өте қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. Көтеру, тасымалдау, оларды бөлшектеуге тырысуға болмайды. Табылған заттар туралы дереу полицияға хабарлау керек», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жарылғыш зат