Атырауда электр бағанасына мініп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.
Қайғылы оқиға 25 тамыз күні 14:30 шамасында қаладағы Нұрсая-3 мөлтекауданында болған. 59 жастағы жалдамалы жұмысшы электр бағанасына мініп, тоқты жөндеп жатқан кезде, тоқ соғып, қаза тапты. Мәйіті электр бағанасына ілініп тұрды.
— Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156 (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЭК осыған дейін Атырауда электр бағанасын жөндеуге келген екі электр маманы мінген кранның көтергіші құлап, салдарынан бір жұмысшы қаза тапқанын жазған болатын.