26.08.2021, 12:00

90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина алды

Фото: ашық дереккөз
Ол Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салдырды.

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды.

«Бүгінде бүкіл әлемді жаулаған қауіпті инфекция бар. Бұл - коронавирус. Бұл қауіпті індеттен сақтанудың бір ғана жолы бар - бұл маска тағу және вакцинация. 90-нан асқан шағымда вакцина салдырдым. Ешқандай қауіп жоқ. Міне, сіздермен әңгімелесіп отырмын. Ұйқым дұрыс», - деді академик.

Төрегелді Шарманов қауіпті індетке қарсы тұру үшін жұртты вакцина салдыруға шақырды. Сондай-ақ ғалым қазақстандықтарды вакцина туралы жалған жаңалықтарға сенбеуді ескертті. 

Төрегелді Шарманов Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салғызған.