26.08.2021, 12:40

Доллар бағамы тағы да өсті

Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,72 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 25 тамыз кешімен салыстырғанда 0,32 өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425,08 теңге болды. Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,72 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,04 теңгеден сатылса, сатып алу - 426,62 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,85 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,08 теңге.

 

Тегтер: доллар