27.08.2021, 12:40

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Фото: ашық дереккөзі
Бірлескен отырыс 1 қыркүйекте өтеді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған өкім мәтінінде.