$ 443.85  474.3  4.8

Тараздағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілерге тезірек сауығып кетулерін тілейміз», - деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары